Баспахана, Алматы
9 қабат, 14 бөлімше, 63 аппарат
- Міндет
- Қолжетімділігі шектеулі құжаттар дәліздегі ортақ науаларға басып шығарылатын. Өзге біреудің басып шығарылған құжатын кез келген адам алып кете алатын, ал кімнің және нені басып шығарғанын анықтау мүмкін болмайтын — бұл тексеріс кезінде үлкен мәселеге айналатын.
- Не істедік
- Басып шығару жүйесі карталар арқылы орнатылды: тапсырма ортақ кезекке жіберіледі де, қызметкер аппаратқа өз рұқсатнамасын тигізгенде ғана басылып шығады. Ғимаратқа кіруге арналған карталардың өзі пайдаланылды — жаңа тасымалдаушылар енгізілген жоқ. Операциялар журналы мен бөлімдер бойынша есептілік бапталды.
- Нәтиже
- Құжаттар қараусыз қалмайды. Әрбір басып шығарылған құжат бойынша қызметкер, аппарат және уақыты анық көрініп тұрады. Сұраныссыз қалған тапсырмалар бір тәуліктен кейін жойылады және мүлдем басып шығарылмайды.
«NIL TECH — біздің мелованный қағазымызға арналған түс профильдерін бірінші реттен баптай алған жалғыз компания.»